Испаниялық теннисші, әлемнің 5-ші ракеткасы Рафаэль Надаль Франция ашық чемпионатының финалында норвегиялық Каспер Руды (ATP 8-ші) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2 сағат 20 минутқа созылған кездесу үш сетте 6:3, 6:3, 6:0 жеңісімен аяқталды.

Надаль Ролан Гаррос титулдарының саны бойынша абсолютті рекордқа ие. Қазіргі трофей Рафаның мансабындағы 14-ші жүлдесі болды.

«Ролан Гаррос». Ерлер. Финал

Рафаэль Надаль (Испания) — Каспер Рууд (Норвегия) — 6:3, 6:3, 6:0.