«Қайрат» АФК финалдың үшінші матчында «Аятты» жеңіп, Қазақстанның 19 дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Аят» (Рудный) – «Қайрат» АФК (Алматы) – 2:4 (1:2)

Сериядағы есеп: 0:3

«Қайрат» алғашқы минуттардан чемпиондықты қайтсе де бүгін алатынын дәлелдеді. Матч басында Дәурен Тұрсағұлов есепті ашты. Алайда ойын саябырсыған соң алаң қожайындары таразы басын теңестіріп, артынша тіпті есепте алға шығуға мүмкіндік алды. Дегенмен Игита қақпасына белгіленген пенальтиді қайтарып, артынша қауіпті соққының алдын алды.

Екінші таймда «Қайрат» мықтылығын дәлелдеп, қатарынан екі гол соқты. Матч соңында есеп «Қайраттың» пайдасына 4:2 тіркелді. Осылайша, «Қайрат» Қазақстанның 19 дүркін чемпионы атанды.