5 маусым күллі Қазақстанда референдум өтіп жатыр.

Оған Словакияның Трнава қаласында жүрген Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысты. Қазақстанның Словакиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысқан футболшылар азаматтық парызын орындады.