Мельбурнда жеңілмеген аустралиялық Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни арасындағы әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынды.

12 раундқа созылған айқаста Дэвин Хейни төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, америкалық боксшы қарсыласына тиесілі болған WBA, IBF және WBO белбеулері иемденді. Бұған дейін Хейниде WBC титулы бар еді.