Футболдан UEFA Ұлттар лигасында алғашқы тур ойындары өтті.

Жанкүйерлер 2 маусымдағы ойындар күтізбесінде Испания және Португалия кездесуіне көз тікті. А лигасында сынға түсетін құрамалар тартысты бәсеке көрсетті.

Алдымен испаниялық Альваро Мората 25-минутта есеп ашса, оған португалиялық Рикарду Орта 82-минутта бір голмен жауап қайырды. Осылайша құрамалар 1:1 есебімен тең түсті.