Қазақстандық «Барыс» сапында ҚХЛ-2021/2022 маусымында өнер көрсеткен швед шабуылшысы Якоб Берглунд ҚХЛ-дан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Kleine Zeitung газетінің хабарлауынша, 30 жастағы шабуылшы Австрияның аттас қаланың ең атақты клубы Клагенфуртпен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Еске салайық, өткен маусымда «Барыс» сапында 39 матчта Берглунд «гол+пас» жүйесі бойынша 11 (3+8) ұпай жинаған болатын.