Қазақстандық Жібек Құламбаева ITF W60 сериясы бойынша Италияның Брешия қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жібек латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста италиялықтар Мелани Делай - Ангелика Раггиді бір сағатта 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалға шығу үшін доданың екінші ракеткалары, тайбэйлік Ю Чен Хсиех - швейцариялық Ксения Кнолмен таласады. Құламбаева жекелей сында іріктеу сайыстарының финалында италиялық Аврора Зандеччиге жол берді - 3:6, 2:6.Ерлер арасында Денис Евсеев Литтл-Рокта (АҚШ) өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына өте алмады. Ол аустралиялық Ринки Хиджикатеден ұтылып қалды - 7:6 (7:3), 4:6, 3:6.Италияның Форле челленджер жарысында Тимофей Скатов алғашқы айналымда әлемнің 66-ракеткасы, корт иесі Лоренцо Музеттимен тайталасып, жеңіліске ұшырады - 4:6, 7:5, 1:6.