Қазақстандық боксшылар Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов қазақстандық уақытпен 5 маусымда АҚШ-та дебютін өткізеді. Төрт боксшы да Миннеаполистегі (Миннесота штаты) ивентте жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэльдің мәліметінше, Әбілхан Аманқұл орта салмақта америкалық Девонте Макдональдқа (1-0, 1 КО) қарсы төрт раундтық жекпе-жек өткізеді.

АЛ Абылайхан Жүсіпов бірінші орта салмақта Эдгар Рамиреспен жұдырықтасады. Кездесу төрт раундқа есептелген.

Екінші жеңіл салмақтағы Евгений Павлов (6-0, 4 КО) мексикалық Алексис Салидомен (2-2, 1 КО) күш сынасады, бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланып отыр.

Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) америкалық Кейнел Уиллермен (7-1, 6 КО) кім мықтыны анықтайды, екінші орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Фото instagram.com/suleimen_promotions_official