«Барыс» жүйесінің төрт хоккейшісі елордалық клубтың іріктеу ұсыныстарын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әңгіме қорғаушылар Эдуард Шетле, Кирилл Никитин, Артем Авдеенко және шабуылшы Әлихан Өмірбеков туралы болып отыр.

Шетелет, Никитин және Өмірбеков соңғы тұрақты маусымды «Снежные Барсыда» өткізді. Эдуард еншісінде 46 кездесуде 11 (3+8) ұпай бар. Кирилл 42 жекпе-жекте 8 нәтижелі пас берді. Капитан рөлін сомдаған Әлихан 11 голмен команданың үздік мергені атанды.

Авдеенко өткен маусымның көп бөлігін «Барыс» жастар құрамасында өткізіп, 40 матчта 18 (3+15) ұпай жинады.

Артем Авдеенко Словакияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы деп танылды.