2022/23 жылғы 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Матчтар келер жылы күзде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы В лигасының 7-тобынан орын алып, Чехия мен Андорраға қарсы ойнайды.

В лигасының командалары (соның ішінде 2021/22 маусымының екінші кезеңінде А лигасынан түсіп қалған командалар), сондай-ақ УЕФА әйелдер жарысында алғаш рет өнер көрсететін Гибралтар жеті топта А лигасына көтерілу үшін таласады. Топ жеңімпаздары жоғары дивизионға өтеді.

Матчтар 2022 жылдың 30/31 тамызынан 5/6 қыркүйекке дейін немесе 4/5 қазаннан 11 қазанға дейін немесе 8/9 қараша мен 14/15 қараша аралығында өтеді. Турнир қожайындары кейінірек анықталады.

Бірінші раундтың жеребесі:

А лигасы

А1 тобы: Испания, Финляндия, Швейцария, ШотландияА2 тобы: Швеция, Нидерланды, Греция, Түркия;А3 тобы: Италия, Венгрия, Уэльс, Сербия;А4 тобы: Англия, Дания, Словакия, Словения;А5 тобы: Франция, Ирландия, Польша, Солтүстік Ирландия;А6 тобы: Германия, Австрия, Украина, Израиль;А7 тобы: Норвегия, Бельгия (үй иесі), Португалия, Мальта;

В лигасы

В1 тобы: Хорватия, Әзірбайжан, Черногория, Кипр;В2 тобы: Румыния, Латвия, Албания, Армения;В3 тобы: Исландия, Литва, Фарер аралдары, Лихтенштейн;В4 тобы: Босния және Герцеговина, Молдова, Эстония;В5 тобы: Болгария, Косово, Гибралтар;В6 тобы: Беларусь, Солтүстік Македония, Грузия;В7 тобы: Қазақстан, Чехия, Андорра.