PlayStation Plus сервисіне арналған маусым айындағы ойындардың атаулары желіде пайда болды - оларды сенімді дереккөз растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімде келесі жобалар туралы айтылады:

— God of War (2018);— Naruto to Boruto: Shinobi Striker;— Nickelodeon All-Star Brawl.

Өзін сенімді дереккөз ретінде танытқан «Deallabs» инсайдерлік командасы тізімнің дұрыстығын растағанын айта кеткен жөн.