Түркістанда әйелдер командалары арасында баскетболдан ХХХ Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі үшін текетірес аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.⠀Үшінші орын үшін «Ертіс» пен «Каспий» арасындағы тартыс бес матчқа созылып, әрқайсысында бітіспес тартыс өрбіді. Шешуші бесінші кездесуде ақтаулықтар жеңіске жетіп, жеңіс тұғырынан үшінші орынға көтерілді.⠀Еске салайық, «Тұран» мен «Оқжетпес» арасындағы финалдық серияның қорытындысы бойынша түркістандықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.