«Попрад» хоккей клубы қазақстандық шабуылшы Артём Лихотниковпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кейінгі үш жылда шабуылшы өскемендік «Торпедо» сапында өнер көрсетті. Алайда Лихотников өткен маусымды «Арланда» өткізіп, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Плей-офф кезеңінде Артем 12 кездесуге қатысып, 7 (2+5) ұпай жинады.

Енді шабуылшы мансабын Словакия чемпионатында бақ сынайтын «Попрад» клубында жалғастырады.