«Ахмат» бас бапкері Андрей Талалаев командада қалатын ойыншыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт День за Днем» сайтына сілтеме жасап.

«Команданы сақтап қалғымыз келеді – бар күшімізді соған саламыз. Харин, Быстров пен Шелия «Ахматта» қалады», – деді бапкер.

Еске салайық, қазақстандық қорғаушы Марат Быстров РПЛ-дің 2021/2022 жылғы маусымында 26 матчқа қатысқан. Бұл клубта ол 2020 жылдан бері өнер көрсетеді.