Қазақстан жастар құрамасының U-21 аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов кездесу туралы ойын ортаға салды:

– Жолдастық ойынға қойған өз мақсатымыз болды. Ұлттық құрама өздеріне жеке мақсаттар қойды. Ең алдымен футболшыларды 4 және 10 маусым күндері өтетін ойындарға дайындау қажет. Физикалық жағынан жолдастық ойынның маңызы зор болды. Екі орталық қорғаушыны ойнатып, жаңа ойын жүйесін сынап көрдік.

Алға қойылған міндеттер толық орындалды деп ойлаймын. Жаттықтырушылар штабының команданың ойыны мен футболшылардың жылдамдығына көңілі толады. Барлық мәліметтерді алдық. Енді осы ойынды талдап, әрі қарай дайындаламыз. Ұсынымызды қабылдап, кездесуді ұйымдастырған ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына алғыс айтамын. Олар үшін де ойын пайдалы болады деп үміттенемін.