Әзербайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды .

Тізімге 26 футболшы енді.

Әзербайжан құрамасы 3 маусымда Нұр-Сұлтанда Қазақстанмен, 6 маусымда Сербияның Нови-Сад қаласында Беларусьпен, ал 10 және 13 маусымда Бакуде Словакия және Беларусь құрамасымен кездеседі.

Қақпашылар: Салахат Агаев («Сабах»), Эмиль Балаев («Тұран», Қазақстан), Шахруддин Магомедалиев («Карабах»);

Қорғаушылар: Бадави Гусейнов, Максим Медведев, Бахлул Мустафазаде, Торал Байрамов, Аббас Гусейнов (бәрі — «Карабах»), Гисмат Алыев, Джалал Гусейнов (екеуі де — «Зире»), Ходжат Хагверди («Сумгайыт»), Антон Кривоцюк («Висла» Плоцк, Польша), Азер Салахлы («Нефчи»), Бахтияр Гасанализаде («Сабах»);

Жартылай қорғаушылар: Ричард Алмейда, Гара Гараев (екеуі де — «Карабах»), Джошгун Диниев («Зире»), Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (екеуі де — «Нефтчи»), Алексей Исаев («Сабах»), Анатолий Нуриев («Сумгайыт»), Дмитрий Назаров («Эрцгебирге Ауэ», Германия);

Шабуылшылар: Рамиль Шейдаев («Карабах»), Намик Алескеров («Бурсаспор», Турция), Ренат Дадашов («Тондела», Португалия), Махир Эмрели («Динамо» Загреб, Хорватия).