«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды, деп жазады Prosports.kz.

Ойыншы осы іріктеу кезеңінде жастар құрамасы сапында үш матчқа қатысқан болатын.Айта кетейік, Қазақстан жастар (U-21) құрамасы 4 маусым күні Даниямен, ал 10 маусым күні Түркиямен кездеседі. Екі матч та сырта алаңда өтеді.