Қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев футболдан Ресей кубогының үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Қайрат-Мәскеу» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат-Мәскеу» сапында өнер көрсеткен Швырев бес матчта төрт гол соққан. Мәскеулік «Спартак» жұлдызы Квинси Промес мен биыл красноярскілік «Енисей» мен краснодарлық «Кубань» сапында ойнаған Максим Лаук та төрт голдан соққан. Үш футболшы да Ресей кубогының үздік сұрмергені атанды.

Айта кетейік, биыл көктемде Вячеслав Швырев алматылық «Қайрат» сапына оралған.

Фото instagram.com/fckairatmoscow