«Уэмбли» стадионында Чемпионшиптің плей-офф кезеңінің финалдық матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия Премьер-лигасының келер маусымына берілер соңғы жолдаманы «Ноттингем Форест» пен «Хаддерсфилд Таун» сарапқа салды.

Бұл ойында «Ноттингем Форест» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 43-минутта Леви Колвилл өз қақпасына соғып алды.

Осылайша, «Ноттингем Форест» 23 жылдан кейін АПЛ-ге қайта жолдама алып отыр. Олар бұған дейін 1999 жылы АПЛ-да өнер көрсеткен.