«Астана Аренада» Қазақстан құрамасы мен Қазақстан жастар құрамасы (U-21) жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында ұлттық құрама 4:1 есебімен жастарды жеңді.

Қазақстан құрамасы сапында қорғаушы Александр Марочкин дубль жасады. Одан бөлек ресейлік «Ротор» шабуылшысы Алексей Щеткин мен «Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородов гол соқты. Ал жастар құрамасы сапынан жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағнаев көзге түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға дайындалып жатыр.