Түркістанда баскетболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс қожайыны «Тұран» командасы маусымның финалдық сериясының басында күтпеген жерден «Оқжетпестен» ұтылып қалды, бірақ кейін екінші матчта есесін қайтарды, үшінші ойынның қорытындысы бойынша серияда көш бастады, ал төртінші матчтағы жеңіс оларға чемпион атағын әкелді.

Еске салайық, павлодарлық «Ертіс» пен ақтаулық «Каспий» арасында «қола» үшін тартысты жекпе-жек жалғасып жатыр. Бүгін сериядағы төртінші матчтың қорытындысы бойынша есеп тағы тең болып, команда 31 мамырда шешуші матч өткізеді.