«Спартак» Ресей кубогының финалында «Динамоны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәскеудегі «Лужники» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен «Спартактың» пайдасына аяқталды.

Осылайша, Паоло Ваноли жетекшілік ететін «Спартак» 2017 жылдан бері алғашқы жүлдені жеңіп алып, Ресей кубогының иегері атанды.