Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан ұлттық және жастар құрамалары сынақ матчын өткізеді. Ойын ертең «Астана Арена» стадионында жабық есік жағдайында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 мамырдан бастап Қазақстан жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығуын жалғастырып, одан кейін Данияға Еуро-2023 іріктеу матчына аттанады.

Өз кезегінде ұлттық құрама 3 маусымда Әзірбайжан құрамасын қабылдайды.