«Челсидің» баспасөз қызметі клубтың сатылуы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Челси» футбол клубы кеше түнде клубты Тодд Боулидің Clearlake Capital консорциумына сату туралы келісімге қол жеткізілгенін растайды. Мәміле дүйсенбіде аяқталады деп күтіледі. Бұл күні клуб қосымша ақпаратты жариялайды», - делінген «Челсидің» ресми сайтында.

Бұған дейін клубты сатуды Англия Премьер-Лигасының басшылығы мақұлдаған болатын. Мәміле 4,25 миллиард фунт стерлингті (шамамен 5 миллиард еуро) құрайды.