Словакия құрамасының қорғаушысы Юрай Хватал Словакия футбол одағының баспасөз қызметіне берген сұхбатында УЕФА Ұлттар Лигасының маусым айындағы Қазақстан, Беларусь және Әзірбайжанға қарсы матчтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Қарсылас Беларусь, Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының деңгейі қандай?

– Бұл командалар туралы білетінім аз. Бапкерлер біз үшін міндетті түрде егжей-тегжейлі бейне талдау жасайды. Дегенмен, бұл деңгейде оңай қарсылас жоқ. Біз өзімізден бастауымыз керек, жақсы дайындалып, жеңістерге жетуіміз керек.

– Төрт матчтан кейін сіздерді қанша ұпай қанағаттандырады?

- Он екі болуы керек!

Қазақстандық футболшылар Словакия құрамасына қарсы 6 маусымда сырт алаңда, 13 маусымда өз алаңында ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы турнирдің басында С лигасының 3 тобында Әзірбайжан (3 маусымда өз алаңында) және Беларусь (10 маусымда сырт алаңда) құрамаларымен кездеседі.

Фото futbalsfz.sk