The Independent басылымының мәліметінше, 33 жастағы Иван Перишич «Тоттенхэмге» ауысуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы лондондықтармен екі жылдық келісімге қол қояды.

Оның «Тоттенхэмге» тегін трансфермен ауысатыны хабарланды.

2021/22 маусымында ол 48 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.