Қазақстандық Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті. Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Аружан іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10.