Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко украиналық Виталий Сачкомен бірге Виченцадағы (Италия) Челленджер сериясы турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалдық кездесу аясында оларға француз Артур Раймонд пен италиялық Аугусто Вирджили қарсы ойнады. Ойын 7:6(7:3), 7:6(7:3) есебімен аяқталды.
Кездесу бір сағат 44 минутқа созылды.
Комментарии