«Арлан» ХК латвиялық шабуылшы Александр Новиковспен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жас латвиялық шабуылшы Александр Новиковс келесі маусымда «Арланның» ойыншысы атанады. Жасы 23-те, бойы 187 см. Хоккейдегі жолын Лиепаядан бастады, онда ол негізгі және жастар құрамасында өнер көрсеткен.

2017-2018 маусымында Новиковс «Zemgale» клубына ауысып, онда көшбасшылардың біріне айналды. Командаға Латвия чемпионы атағын жеңіп алуға көмектесті. Тұрақты маусымда Александр 21 (11+10) ұпай жинап, плей-офф кезеңінде бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, плей-офф кезеңінде шабуылшы үздік бомбардир атанып, алтын медаль таласқа түсетін шешуші кездесуде дубль жасады. «Арланмен» келісімшарт екі маусымға есептелген».