Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Фабрис Мартинмен (Франция) бірге жұптық сайыста Ролан Гарростың екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундтағы кездесуде Голубев/Мартен жұбы С.Баез (Аргентина)/Ф.М.Алвес (Бразилия) қосын 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.