«Қайрат» футзал клубының басшысы қанша қиынға соқса да өткен маусымға риза екенін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- «Қайрат» АФК УЕФА Чемпиондар лигасының «төрттік финалына» өте алмады, бірақ Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесіне таласады. Клуб үшін аяқталатын маусымды қалай бағалауға болады?

– «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне өте алмағанымен, «қайраттықтар» бір маусымда үш ірі турнирде өнер көрсетті! Халықаралық күнтізбенің бұлай тығыз болғаны сирек. Қазақстан құрамасы әлем және Еуропа чемпионаттарының финалдық кезеңдерінде өнер көрсетті, «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасына қатысты. Ал маусымның басында біз мұны түсіне отырып, әрине, ұлттық құрамамыздың пайдасына басымдықтарды белгіледік.

Менің ойымша, өткен маусым, әрине, жағымды эмоцияларға өте бай болды. Алғаш рет әлем чемпионатында төртінші орын алғанымызды ұмытпауымыз керек! Бразилия және Португалия құрамаларымен тең текетірес!