«Ақтөбе» командасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы қысқа мерзімді демалысқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

- «Тұранмен» өтпей қалған ойыннан соң «ақ-қызылдар» кішігірім демалыс алды.Шағын оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін команда қаламызда 1 маусым күні жиналады деп жоспарланып отыр. Ұлттық құрамаларға шақырылған ойыншылар қатарымызға кейіннен қосылмақ.Келесі ресми матчын «Ақтөбе» 19 маусымда Қазақстан Чемпионатының 14-туры аясында сырт алаңда «Атырауға» қарсы өткізеді», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.