Көпкүндік «Джиро д’Италия» велобәйгесінің 15-кезеңі мәресіне жетті. Бұл жолы пелотон таулы аймақта 177 шақырым қашықтықты бағындырды.

Аталған кезеңде «Trek-Segafredo» командасында сынға түсетін италиялық Джулио Чикконе жеңіс тұғырына көтерілді.

Екінші көрсеткіш «Bahrain-Victorious» сапынан колумбиялық Сантьяго Буитраго еншісіне бұйырса, үздік үштікті «Movistar» сапынан Антонио Педреро түйіндеді. Ал «Астана» сапынан Фабио Феллине мәре сызығын он бірінші болып қиды.