Хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алтыншы кездесуін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис шәкірттерінің кезекті қарсыласы Германия құрамасы болды.

Бұл ойында Қазақстан хоккейшілері 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, отандастарымыз қатарынан алтыншы ойында жеңіліп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының чемпионатта бес ойын өткізіп, бәрінде жеңілген. Бұған дейін олар Дания (9:1), Франция (2:1), Швейцарияға (3:2), Канада (6:3) және Славакияға (4:3) есе жіберді.