Қазақстандық боксшы Қанат Ислам отандасы Жәнібек Әлімханұлының жеңіске жетуіне байланысты пікірін білдірді.

Ол Instagram-парақшасында «Қазақ. Бауырым» деп жазды.

Айта кетейік, бүгін Жәнібек Әлімханұлы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таң ата Лас-Вегаста британиялық Дэнни Дигнумға қарсы кездесу өткізіп, оны екінші раундта нокаутқа жіберді. Осылайша, Жәнібек WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» чемпион атағын жеңіп алды.