Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақта британиялық Дэнни Дигнумды тізе бүктіріп, уақытша әлем чемпионы атанды.

- Жеңістеріңіз құтты болсын мінеки. Бүгін шығып, жарқын өнер көрсетіп, жеңіске жеттік. Бұл дегеніміз "Qazaq Style"-ды тарихқа жазып жатырмыз. Баршаңызға алғысым шексіз. Қолдауларыңызды сездім. Бұл тек бастамасы. Құдай қаласа, әлі үлкен чемпиондық жекпе-жектер бар, - деді боксшы жекпе-жектен соң.