Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем титулы үшін британдық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласының басына соққы комбинациясын орындап, нокдаунға түсірді.

Екінші үш минуттық Жәнібек Дигнумды нокаутқа түсіріп, әдемі жеңіске жетті.