Бүгін Шымкентте өткен «Челленджер» турнирінің жұптық сынында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Санжар Файзиев (Өзбекстан)/Маркос Каловелонис (Грекия) жұбы мен Каичи Учида (Жапония)/Микаэль Торпегаард (Дания) жұбы кездесті.

Нәтижесінде өзбек-грек жұбы қарсыластарын 6:7, 6:4, 10:4 есебімен жеңіп, чемпион атанды.