Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (11-3, 4 КО) Екатеринбургте (Ресей) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бұған дейін жеңіл салмақта WBC (CISBB) және WBA Continental тұжырымдары бойынша чемпион болған ресейлік Эльнур Самедовпен (12-1, 3 КО) жұдырықтасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Бірақ кездесу бесінші раундта аяқталды. Калицкий жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмағандықтан, Самедов жеңіске жетті.

Осылайша, Эльнур Самедов кәсіпқой рингтегі он үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Станислав Калицкий төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. Ол былтыр тағы екі ресейлік боксшы – Руслан Камилов (12-0-1, 6 КО) және Мурад Әлиевтен (3-0-1, 1 КО) жеңіліп қалған.