Даниялық «Heroic» командасы PGL Major Antwerp 2022 турнирінің ширек финалында «Natus Vincere» ұжымынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:2 есебімен аяқталды.

«Heroic» 5-8-ші орынға ие болып, 35 000 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

PGL Major Antwerp 2022 9-22 мамыр аралығында Антверпенде (Бельгия) өтіп жатыр. 24 команда бір миллион АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады.