Елордада балалар жылы мен жаңа веломаусымның басталуына орай жаппай велошеру өткізу жоспарланып отыр. Іс-шара 28 мамырда өтеді. Бұл туралы елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертті.

Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.

Іс-шара «Астана орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді. Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал жарыстың басталатын уақыты – сағат 10.00.