Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Канада мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчта біздің команданың қорғаушысы Виктор Сведберг жарақат алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Хоккейші турнирдегі қалған ойындарға қатыса алмайды.

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Викторға еңбегі үшін алғыс айтып, тезірек сауығып кетуін тіледі.