Екі салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Генри Сехудо жаздың соңына дейін сегізбұрышқа оралуға ниетті.

Бұл туралы MMA Media хабарлайды. Дереккөздің хабарлауынша, Сехудо жеңіл салмақтағы титул үшін жекпе-жекке қызығушылық танытып отыр және ол сәтті болса, жеңіл салмаққа көтеріліп, үш салмақ дәрежесінде бірінші рет чемпион болуды жоспарлап отыр.

Генри Сехудоның соңғы жекпе-жегі 2020 жылдың 9 мамырында, ол Доминик Крузды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы белбеуін қорғады. Жеңіске жеткен соң Генри спортпен қоштасып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, Сехудо еркін күрестен Олимпиада чемпионы. 2008 жылы Бейжіңде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жекте жапон боксшысы Томохиро Мацунаганы жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.