Тегеранда өтіп жатқан волейболдан ерлер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында «Тараз» волейболшылары финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда тараздықтар төрт кезеңде ирандық «Пайкан» клубынан жеңіліп қалды – 1:3 (36:24, 17:25, 21:25, 17:25).

20 мамырда «Тараз» турнирдің қола жүлделсі үшін тағы бір ирандық «Шахдаг Яздом» командасымен күш сынасады.