Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ыстамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы финалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жек ойдағыдай шықпады. Өзім жеңіске жетемін деп ойладым. Барымды салдым. Бапкерлерге көп рақмет айтқым келіп отыр. Тактикалық тұрғыдан бәрін дұрыс қойдым. Мені қолдаған барша қазақстандыққа және менің құрамама алғыс айтқым келеді! Qazsport телеарнасына, федерация басшысына және Спорт дамыту дирекциясына алғысымды білдіремін. Бізді осы әлем чемпионатына жіберіп, оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырғандарыңызға рақмет. Мұңаймамыз, әрі қарай жұмыс істейміз. Қателер бар, әрине. Әрі қарай жұмыс істейміз», — деді боксшы.