Слаломды есуден Қазақстан құрама командасы бұл күндері Словакияда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Отандық атлеттер 13 мамырдан бері Словакияның Братислава қаласында шеберліктерін шыңдауда. Атап айтқанда, Александр Куликов, Әділ Аманбаев және Атанас Николовски жалпы физикалық дайындықтарын пысықтап жатыр.

Айта кетерлігі, аталған оқу-жаттығу жиыны 31 мамырға дейін жалғасады.