Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионаты аясында Канадамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23:10-да басталады.

Кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының чемпионатта үш ойын өткізіп, бәрінде жеңілді. Бұған дейін олар Дания (9:1), Франция (2:1) және Швейцарияға (3:2) есе жіберді.