Бүгін бокстан Ыстамбұлда әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Тайвань өкілі Лин Ю Тинмен кездесті. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс Лин Ю Тинге бұйырды.

Осылайша, Карина Ибрагимова 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, бұған дейін Жайна Шекербекова қола жүлдегер атанып, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.

Фото kfb.kz