Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шымкентте өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жекелей сынында ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейбіт екінші айналымда америкалық теннисші Эван Жудан 2-6, 3-6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.
Еске салайық, кеше, 17 мамырда Бейбіт Жұқаев турнирдің бірінші айналымында үндістандық Мукунд Сасикумарды 6:1, 7:6 есебімен жеңген болатын.
Фото: Андрей Ударцев
Комментарии