18 мамырда Ыстамбұлда бокстан әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финал жолдамасына Қазақстанның бес өкілі таласады.

Күндізгі сессия. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00

48 келіге дейін. 2-ші жұп. Севда Асенова (Болгария) – Алуа Балқыбекова (Қазақстан)52 келіге дейін. 3-ші жұп. Жайна Шекербекова (Қазақстан) – Джутамас Джитпонг (Таиланд)57 келіге дейін. 5-ші жұп. Карина Ибрагимова (Қазақстан) – Лин Ю Тинг (Тайбэй)70 келіге дейін. 10-шы жұп. Валентина Хальзова (Қазақстан) - Альсинда Елена Пангуан (Мозамбик)

Кешкі сессия. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:00

54 кг дейін. 4-ші жұп. Дина Жоламан (Қазақстан) – Лакрамиора Перишоч (Румыния)

Qazsport телеарнасы 2022 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуін тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция ОСЫ ЖЕРДЕ қолжетімді болады.